Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 29.04.2024

МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «Жастар ресурстық орталығында» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарттық агенттігі. Мәжіліске Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері, ардагерлер және белсенді жастар қатысты. Алдымен басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев басқарманың өткен жылы атқарылған шаруалар мен ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Комиссияның бүгінгі отырысы «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібі әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек қатынастарын, оның ішінде кәсіподақ қызметін реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтыды. Атап айтқанда, кәсіподақ бірлестіктері мен кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2024-2026 ...

Толығырақ »

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Бұл апта- «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Бұл апталық аясында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтары тазаланады, абаттандырылады. Ондағы мақсат — қаладағы жалғыз ілікті қарттарға, ардагерлерге, қарттарға көмектесіп жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету. Өйткені, «Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ, сондықтан қай уақытта болмасын ересектерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық ...

Толығырақ »

ХҚКО-ЛАР МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-ЛАРДЫҢ МЕРЕКЕЛІК КҮНДЕРДЕГІ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді. 4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

“Таза Қазақстан” акциясының “Жасыл аймақ” апталығы аясында Түркістанда экологиялық іс-шара өтті. Ауқымды шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал қызметкерлеріде қатысты. “Жібек Жолы” саябағында көшет егіп қаланы жасылдандыруға үлесін қосты. Саябақ аумағында көпшілік күшімен 100 ден аса ағаш көшеті отырғызылды. “Мемлекеттік корпорацияға” қарасты аудан қалалардағы бөлім қызметкерлері де акциядан қалыс қалған жоқ. Өзіне қарасты аумақта ...

Толығырақ »

Шымкентте халықтың 81 пайызы МӘМС жүйесімен қамтылған

Шымкент қаласында тұрғындардың басым көп саны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 миллион 229 мың адамды құраған болса, олардың 81 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. 220 мың 554 адам сақтандырылмаған. Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастыруда. Сондай-ақ, Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна ...

Толығырақ »