Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Бұл апта- «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Бұл апталық аясында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтары тазаланады, абаттандырылады. Ондағы мақсат — қаладағы жалғыз ілікті қарттарға, ардагерлерге, қарттарға көмектесіп жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету. Өйткені, «Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ, сондықтан қай уақытта болмасын ересектерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық көрсету – дәстүрлі үрдіс. Ал апта барысында мүмкіндігінше қаладағы көмекке мұқтаж қарттардың барлығын қамту қарастырылған.
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды.
Апталық барысында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтары тазаланады, абаттандырылады. Жалғызілікті, зейнеткерлерге көмек көрсетіледі.
Осыған орай Абай ауданына қарасты Достық шағынауданының тұрғыны, зейнеткер Сара Шырынбекқызының үйінде де тазалық жұмыстары жүргізілді. Сара апаның ауласында шөп ору, тал әктеу жұмыстары мен қатар үй маңы тазаланды.
Өз кезегінде зейнеткер ана үйінің маңайын ретке келтіріп, тазалап бергендерге рақметін жаудырып, алғыс айтып, батасын берді.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелген еді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты айқындалған.

Пікір жазу