Aудан орталығындағы «Даңқ» мемориалында Жеңіс мерекесіне арналған шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 Мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлердің құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Шараға жиналған қонақтарға «Жеңіс» лентасы таратылып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлер мен бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлердің рухына арналып құран бағышталды.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жиналған қонақтарды Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов изгі тілегін арнап, Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев «Еліміздің келешегі кемел, Тәуелсіздігі тұғырлы болсын»,-деп ақ батасын берді.
© Didarbek.kz