«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылып, ағын су каналдары мен арықтар тазаланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауыл округіне қарасты Көлқұдық, Ақкөл елді мекендерінің «Сумағар», «Жайықбек», «Ақкөл» каналдарының араналарына арнайы техниканың көмегімен механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде негізгі жоспарланған «Сумағар» каналының 8 шақырымы, «Жайықбек» каналы 2 шақырым аумағы шөп-шаламнан, тұнбалардан, қоқыс шөгінділерінен арылып, су өткізу қабілеті жақсарды.
Сондай-ақ, Балтакөл ауыл округі, Ақкөл елді мекеніндегі «Ақкөл» каналы арнасының 2,5 шақырымы механикалық тазалаудан өткізілді.
Игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын табады.
© Didarbek.kz