Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 » Апрель

Месячные архивы: Апрель 2024

Шымкентте 89 емхана МӘМС арқылы қызмет көрсетеді

Шымкент қаласында қазіргі таңда МӘМС бойынша 89 стоматологиялық мекеме қызмет көрсетуде. Өткен жылы қала тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 500 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілген. Клиникалардың тізімімен Қордың fms.kz сайтында танысуға болады.МӘМС бойынша тегін тіс емдеу көмегі халықтың белгілі санаттарына қол жетімді. Атап айтқанда, жоспарлы стоматологиялық көмекті балалар мен жүкті әйелдер ала алады. Шұғыл жағдайда 18 жасқа дейінгі балалар; ...

Толығырақ »

Шымкентте БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан ұландықтарды салтанатты түрде күтіп алды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Шымкент жедел бригадасының Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін жіберілген әскери қызметшілер тобы тұрақты орналасу пунктіне оралды. Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттен 300-ден астам ұландық жиынтық құтқару жасағының құрамында үстіміздегі жылдың 13 сәуірінен бастап еліміздің батысында су тасқынының алдын алу бойынша тапсырмаларды орындаған болатын. Әскери қызметшілердің келуіне орай 6506 әскери бөлімінің саптық ...

Толығырақ »

Шымкенттте МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Шымкенттте МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Қор филиалының өкілдері бұл жолы «МК-Ломбард» қызметкерлерімен кездесті. Қаржы мекемесінің ұжымына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қол жетімді медициналық қызметтер мен жарна төлемдері туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Кездесуде жүкті әйелдердің сақтандыру мәртебесіне байланысты сұрақтар жиі қойылды. Қор өкілдері атап өткендей, егер жүкті әйел жұмыс істемесе ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына ...

Толығырақ »

ҰЛАНДЫҚТАР 1 МАМЫР – ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкенттегі Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде 1 мамыр халықтар бірлігі күні мерекесіне орай жауынгерлер арасында әртүрлі ұлттың өнері мен дәстүрлерін насихаттау бойынша сайыс өтті. Сайысқа өзбек, қырғыз, орыс, түрік ұлтының өкілдері қатысып, сәлемдесу, ұлт өнерін көрсету, салт-дәстүрін таныстырудан сайысқа түсті. Бәйгеде барын салған жауынгерлерімізге бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Утенов Арман Калмұратұлы бастаған әділқазы алқасы баға ...

Толығырақ »

ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ: В ТРУДНЫЕ ДНИ НАШ НАРОД ПРОДЕМОНСТРИРОВАЛ СВОЮ СПЛОЧЁННОСТЬ

В преддверии Дня единства народа Казахстана в Доме Дружбы г. Шымкента состоялось заседание «круглого стола» на тему «Береке – бірлікте». В совещании приняли участие аким города, руководители этнокультурных объединений и председатели общественных структур при Ассамблее народа Казахстана, исполнительный секретарь филиала партии «AMANAT», директор Палаты предпринимателей и ряд предпринимателей, волонтеры и руководители организации «Ассамблея жастары». Говоря о важности праздника, аким Шымкента ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «БЕРЕКЕ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, кәсіпкерлер палатасының директоры және бірқатар кәсіпкерлер мен волонтерлар және «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшілері қатысты. Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені! 1-мамыр – ырыс пен ынтымақты, ...

Толығырақ »

​Шымкентте әскери техника жазғы кезеңге дайындалуда

Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жөніндегі жоспарлы іс-шаралары Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында өтуде. Техниканы дайындау жұмыстары кезең-кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезекте ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрықтары негізінде мамандар техника санына сай жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың есебін жүргізді. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тазарту ...

Толығырақ »

Мәдениет тынысы: атаулы даталар кең көлемде атап өтіледі

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді. 2024 жылы қала аумағында ауқымды 47 ресми, көпшілік, мәдени іс-шара өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың І тоқсанында оның 10 ресми, мәдени көпшілік іс-шарасы өткізіліп, 15 730 көрерменді қамтыды. Басқармаға қарасты өнер мекемелерінде 1471 іс-шара өткізіліп, 782 389 келуші тартылған. ...

Толығырақ »

ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Биыл КСРО халық әртісі, театр және кино актері, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми – әмбебап кітапхана мен Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен «Қазақ киносының саңлағы» атты танымдық сағат өтті. Қаламыздың бас кітапханасында өткен мәдени іс-шараға «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. ҚР мәдениет қайраткері, драматург ...

Толығырақ »

Қарттарым — асыл қазынам

Шымкент қалалық мәдениет үйі «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де концерт қойды.  Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, өнерпаздарға өз ризашылықтарын жаудырды. Өнер майталмандары дайындаған концерттік бағдарламаға 70 -ке жуық қария қатысты. Көктемнің шуақты күндерінің бірін көтеркі көңіл күйде өткізуді мақсат еткен өнер ұжымы дәстүрлі халық әндерін әуелете шырқады. Мәдениет майталмандары алда келе жатқан 1-мамыр бірлік күнімен құттықтап ...

Толығырақ »

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан сарайында Шымкент қаласы білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске білім басқармасына қарасты мектеп, балабақшалар мен колледж басшылары және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты, деп жазады қалалық «Шымкент келбеті» басылымына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиеваның баяндамасы тыңдалып, білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі талқыланды. Басқарма ...

Толығырақ »

Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласында оқу орнын бітіруші курс студенттеріне арналған «ЖАС МАМАН -2024» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде Әл-Фараби және Тұран ауданы Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман – 2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда студенттер мен жұмыс берушілер бетпе-бет кездесуге мүмкіндік алды. Университетте өтіп жатқан осындай іс-шаралар бітіруші түлектердің тұрақты жұмысқа орналасуына оң ықпалын тигізетіні анық. Жәрмеңке ...

Толығырақ »

ТӨРЕҒАЛИ ТАШЕНОВКЕ “СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ” АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Aудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ұзақ жыл журналистика саласында із қалдырып жүрген Төреғали Ташеновті қабылдады. Аудандық мәслихаттың өткен жылғы шешімімен берілген «Созақ ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстап, құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — Ең алдымен қазыналы өлкеміздің жеткен жетістіктеріне қолдау білдіріп, ауданымыздың бүгінгі келбеті ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ТЫЛ АРДАГЕРІНІҢ БАТАСЫН АЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай жастар Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны, тыл ардагері, жалғыз басты Каримова Галия апаның үйіне барып, ауласын сыпыру, қураған ағаш бұталарын кесу, тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жастардың осы игі іске бастамшыл болып келгеніне ардагер қария ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

ҚАЛА БАСШЫСЫ ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА ТАЛДЫҚҰДЫҚ АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Талдықұдық елді мекені тұрғындарының өтінішімен қала басшысы Гүлжан Құрманбекова аталған ауылға барып, тұрғындардың бірқатар ұсыныс-пікірлерін тыңдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауылдастармен алдыңғы кездесуде ойын алаңша мен қалаға кіреберіс көшеге жол салу мәселесі айтылған болатын. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп бюджет есебінен кіреберіс жолға асфальт жол салынып, балаларға базарлық ретінде спорттық тренажерлер мен ...

Толығырақ »

ОТЫРАРДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ардагерлерге сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметін көрсететін «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мекемесінің қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тазалық шарасы аясында ғимараттың айналасын әктеу, сырлау және арық-атыздарды тазалау жұмыстары атқарылды. Одан бөлек, қураған ағаштар, арамшөптер оталып, қоқыс қалдықтардан тазаланды. Аудан аумағында «Таза ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

Түркістан облысында ауыз су саласына 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталды, қалған 34 нысан 2024 жылға өтпелі болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды, 9 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылды. Сонымен қатар 3 елді мекенде (Сарыағаш, ...

Толығырақ »

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ

Aппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Онда инфрақұрылым жүргізуге тартылған мердігер мекемелердің жұмысы талқыланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қазылған жолдардың міндетті түрде қалпына келтірілуі тиіс екенін, мұндай сапасыздыққа жол берген мердігерлердің қылмыстық жауапкершілік тартылатынын жеткізді. Сонымен қатар, жиында қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов мегаполистің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРІКТІ ЖАСТАР СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ

Түркістан қаласының тұрғындары республикалық экоакция басталғалы бері белсенді атсалысып келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін қала жастары «Өнегелі ұрпақ» апталығында Ұлы Отан соғысының ардагері, түркістандық Немат Абдрасиловтың үйінде болды. Ақсақалдың бау-бақшасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Көгалды аумағында ағаш түптерін қопсытып, үй қоршауларын сырлады. Ардагер өз кезегінде жастармен сұхбат құрып, соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісті. ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРТЫЛУДА

Биыл Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылының Кеңес одағы кезінде тартылған су құбыры толығымен қайта құрылымдаудан өтпек, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жерде 45 жылдан астам уақыт бұқараға қызмет етіп келген 49 шақырымнан астам су құбыры толығымен жаңартылып, нәтижесінде 403 абонент жаңа жүйеге қосылып, 24 сағат сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Аталған елді мекенге ...

Толығырақ »

САРАПХАНАЛЫҚТАР «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының төртінші аптасы «Өнегелі ұрпақ» тақырыбымен аталып, апталық барысында ардагерлерге, қарттар мен жасы үлкен кісілердің үйлеріне, демалыс орындарына және аула жайларына тазалық жұмыстарын жүргізу ұсынылған, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы орайда, Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінің мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлері, белсенді жастары мен ауыл ...

Толығырақ »

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ҚАРТТАРДЫҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» аптасы аясында ауданның әлеуметтік сала қызметкерлері ауылдық округтегі жалғызілікті қарттардың ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қарттарға көмек қолын созған еріктілер бау-бақшасы күл – қоқыстан тазалап, тырмалап, жеміс ағаштарының қураған бұталарын қырқып, тұрғын үйдің қас бетін әктеді. Бау –бақшасына ағаш, гүл көшеттерін егіп, ...

Толығырақ »

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Бүгінгі күні Абай ауданы бойынша кенеге қарсы залалсыздандырудың көктемгі маусымы жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кенеге қарсы дәрілеу шаралары Алтынтөбе, Қайнарбұлақ елдімекендегі қолайсыз мал қоралары, буферлік зоналар мен санитариялық-қорғаныс аймақтарын қамтиды. Жалпы залалсыздандыру жұмыстары 457 000 шақырым жерде жүргізілді. Құрметті аудан тұрғындары табиғатқа демалысқа шыққанда, егіндік, мал шаруашылығымен айналысқанда, сондай-ақ, балық аулау, ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ СПОРТ ДҮКЕНІНЕН КИІМДЕР ҰРЛАҒАН 3 ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

Түркістан қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігіттерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Анықталғандай, күдікті жігіттер киім дүкенінде әдейі сатып алушы кейпінде келген. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған. Содан кейін ...

Толығырақ »

МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «Жастар ресурстық орталығында» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарттық агенттігі. Мәжіліске Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері, ардагерлер және белсенді жастар қатысты. Алдымен басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев басқарманың өткен жылы атқарылған шаруалар мен ...

Толығырақ »