Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова «Стадион» тұрғын ауданына барып, халықпен бірге өзекті мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жыл аталған тұрғын ауданға балаларға базарлық ретінде екі ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Мамыр айында тұрғын аудан газға қосылмақ. Сондай-ақ, жаңадан ауыз су құбырлары жүргізіліп жатыр. Алайда, құбыр тартқан мердігер мекеме Ешназаров көшесің асфальт жолын бір бөлігін бүлдірген. Салдарынан жолдың ені қысқарып, екі қатар көліктер жүру қиынға соғуда деп шағымданды тұрғындар. Тұрғындардың уәжін мұқият тыңдаған қала басшысы мердігердің жұмыстары әлі қабылданбағандығын, көшені қалпына келтіру мердігер есебінен жасалынатын айтты.
Тағы бір мәселе су құдықшаларының қақпақтары ұрланған. Бұл мәселе өте өзекті екендігін айтқан шаһар басшысы жауаптыларға тез арада қалпына келтіруді тапсырды.
Сонымен бірге халық жаңадан атауы берілген ішкі орамдық көшелерге асфальт салу тұрғын үй нөмірлеуді реттеу және көшені айқындайтын маңшайлар ілуді айтты. Сондай-ақ, тұрғын ауданда орналасқан мазарат ішіндегі қаңғыбас иттерді аулау мәселесін көтерді.
Қала әкімі әр ұсыныс-пікір қараусыз қалмайтынын айтып, қаржы мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетіндігін айтты. Және әкім аппаратына хаттамаға енгізіп, бақылауда ұстауды тапсырды.
Өз кезегінде қала әкімі Арысты дамытуда әрқашанда ұсынысқа ашық екендігін айтып, ұйымшыл тұрғын ауданның халқына алғысын білдірді.
Ортақ мекен – Арыс қаласын дамыту баршамызға ортақ міндет екендігін айтқан ол, тұрғындарды көгалдандыруға белсене атсалысуға шақырды. Халықпен бірге ішкі көшелерді аралап көрген қала басшысы қаланың сәулетін бұзып тұрған үй іргесіндегі қосалқы нысандарды ретке келтіру, қабырғаларды сырлау, ағаш отырғызу сынды абаттандыру керектігін айтты.
Тұрғындар бірауыздан мәселені қолға алатындарын айтып, халықпен бірге атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, бата беріп тарқасты.
© Didarbek.kz