«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай жастар Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны, тыл ардагері, жалғыз басты Каримова Галия апаның үйіне барып, ауласын сыпыру, қураған ағаш бұталарын кесу, тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастардың осы игі іске бастамшыл болып келгеніне ардагер қария ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Сонымен қатар, экоакция аясында жас қызметкерлер Қызылжар ауылдық округінің еңбек ардагері Асадулина Насима анамыздың үйіне барып, аула жұмыстарына жәрдем етті.
Анамыздың хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алған әкімшілік қызметкерлері үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласын шөптен тазартып, күл-қоқыстардан тазартып, қолғабыс етті. Дария көңілді қария анамыз үйіне көмекке келген жас қызметкерлерге ақ батасын беріп, алғысын білдірді.
© Didarbek.kz