Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ардагерлерге сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметін көрсететін «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мекемесінің қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық шарасы аясында ғимараттың айналасын әктеу, сырлау және арық-атыздарды тазалау жұмыстары атқарылды. Одан бөлек, қураған ағаштар, арамшөптер оталып, қоқыс қалдықтардан тазаланды.
Аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы жоғары деңгейде жалғасып жатыр. Үш апта көлемінде мыңдаған көшет отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды. «Киелі мекен» апталығында аудан аумағындағы қасиетті орындар мен ескерткіштер маңы тазаланып, аудан ажары ашыла түсті.
Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
© Didarbek.kz