«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Мөлдір бұлақ» апталығында су айдындарының аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып,бүгін жалпыаудандық сенбілік өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев өзі бастап аппарат қызметкерлерімен бірге аудан орталығынан өтетін «Рамадан» каналының бойындағы бей-берекет тасталған қоқыстарды жинау, шөптерін ору жұмыстарына белсене атсалысты.
Тазалық акциясында дербес бөлім қызметкерлері ауданнан өтетін «Рамадан» каналының бойынан бөлінген секторларда, ал қала және ауылдық округ қызметкерлері округ аумағындағы көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Айта кетсек, аудан аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, аудан азаматтары барша аудан тұрғындарын экоакцияда белсенді болуға шақырады.
© Didarbek.kz