Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша «Ашық әкімдік» кеңсесінде қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Аудан басшысы қабылдауға келген әр азаматтың өтінішін, ұсынысын тыңдап, көтерілген әрбір мәселені сала мамандарымен бірге талқылап отырып, шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдауға келген Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Керімхан Ережепов әкесі ҰОС –ның ардагері Жайшыбеков Ережеп Жайшыбекұлының сұрапыл соғыста Отан үшін от кешіп, өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың үлгісін көрсеткенін, соғыстан кейінгі жылдары оңтүстік өңірін дамыту бағытында еңбек етіп, ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер атанғанын, Мемлекет басшысының құттықтау хатымен марапатталғанын айтып, Көксәйек елді мекеніндегі жаңа массивтегі көшеге есімін беруді сұранды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы көшеге есім беру тәртібін түсіндіріп, ономастикалық комиссияға ұсынылғанын, алдағы уақыттағы тізімге қосу бойынша сала басшыларына тапсырма берді.
Қасқасу елді мекенінің тұрғыны Ерлан Бексейітов округ жастарын облыстық, республикалық жарыстарға қатыстыру үшін қаржылай қолдау көрсетуді сұранып, мектеп оқушыларын білім ошағына тасымалдауға автобус бөлуді өтінді. Аудан басшысы сала басшыларына шешу жолдарын қарастыруды жүктеді.
Возможно, это изображение 1 человек
Алғабас елді мекенінің тұрғыны Шәріпжан Түгелбаева әже санатарияға емделуге жолдама беруді өтініп, өтінішін дер кезінде шешім табуына ықпал еткен аудан басшысына алғысын айтып, батасын берді.
Алатау елді мекенінің тұрғыны Серік Әділбековтың атына рәсімделген жер учаскесін құжаттандыруға қатысты туындаған мәселені сала басшылары заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
Қала тұрғыны Төлемет Ұлтанбеков қалалық аурухана маңындағы автотұрақты кеңейтіп, келушілерге жағдай жасау мүмкіндіктерін сұрап, аудан орталығының тыныс-тіршілігіне қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс – пікірлерін жеткізді.
Базар көшесінің тұрғыны Мирас Жамашев орталық базарға баратын жолдағы белгілерді алып, көліктің тек бір бағытта қатынауы қажет деген ережеге өзгеріс енгізуді, аудандағы қоқыс полигонына баратын жолда тұратын халықтар оның кей кездері өртеніп, жағымсыз иіс тарайтынына шағымданды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст «O ANT TEJIFAPAEB คคีลี่ TEЛrapAEB TE.Лr APAEB rypraйpлbl B-bl reлereH»
Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес қоғаммен байланысты нығайту жұмыстары одан әрі жалғасатынын, өтініштердің бәрі бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Барлық мәселе бойынша заң аясында шешім қабылданады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу