Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ!

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ!

Қасіретті Ұлы Отан соғысы жылдардағы қиын шақтардың азабын көрген ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек бастаған топ 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагері Мұратәлі Төлепбергеновтың үйіне арнайы ат басын бұрып, Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтап, сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.
Уақыт зымырап өтіп жатыр, алайда бұл оқиғаның маңыздылығы ел есінен ешқашан кетпейді. Қаһарлы соғыста ата бабаларымыз от кешіп, ұрпағының тыныштығы үшін, бейбітшілік үшін елді қалай қорғағаны есімізде. Ауданымызда сұрапыл соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Ауданнан соғыс жылдары майданға 5770 адам аттанған. Солардың ішінен 4-і Кеңес одағының батыры, 1-і Даңқ орденінің ковалері атағын иеленген. Майданға кеткен жерлестеріміздің жартысына жуығы қайтыс болған.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Бүгінгі күні оқ пен оттың ортасында өмір мен ажал арпалысқан соғыстан елге Ұлы Жеңіспен оралған майдангерлермен, сол жеңісті жақындатуға орасан үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің қатары жыл озған сайын сиреп барады. Міне, Ұлы Жеңістің 79 жылдығына ауданымыздағы жеңіс жауынгерлерінің 1-і ғана біздің арамызда. Десек те, қан майданда шейіт болған майдангерлердің рухтарына бас иіп, елге жеңіспен оралған ардақты ардагерлеріміз бен ерлікке пара-пар ерен еңбектің үлгісін көрсеткен тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз.
© Didarbek.kz

Пікір жазу