Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЕРЛІК ЕЛГЕ — МҰРА, ҰРПАҚҚА-ҮЛГІ

ЕРЛІК ЕЛГЕ — МҰРА, ҰРПАҚҚА-ҮЛГІ

Aудан орталығындағы Жеңіс саябағында «7- мамыр Отан қорғаушылар күні» және «9-мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдығы» мерекелеріне орай, «Ерлік елге-мұра, ұрпаққа -үлгі» атты мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік іс-шараға жиналғандар мәңгілік алауға гүл қойып, майдангерлер рухына құрмет көрсетті. Алдымен майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алып бір минуттық үнсіздік жарияланып, құран бағышталды.
Возможно, это изображение кларнет и текст
Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев мерекемен құттықтап, адамзат тарихындағы ең жойқын соғыстағы жеңісте біздің ата-бабаларымыздың жасаған ерлігі қашанда болашақ ұрпақтың жадында жаңғырып тұратындығын атап өтіп, еңбегімен ерекшеленген әскери қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, мерекелік шараға аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов Мұстапа, Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, полковник А.Болатовтар қатысып, мерекемен құттықтады.
Возможно, это изображение 9 человек
Іс-шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының сұрапыл соғыс жылдарынан сахналық қойылымдар қойылып, патриоттық әндер шырқалды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу