Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ПОЛИЦИЯ СПОРТ ДҮКЕНІНЕН КИІМДЕР ҰРЛАҒАН 3 ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

ПОЛИЦИЯ СПОРТ ДҮКЕНІНЕН КИІМДЕР ҰРЛАҒАН 3 ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

Түркістан қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігіттерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталғандай, күдікті жігіттер киім дүкенінде әдейі сатып алушы кейпінде келген. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған.
Содан кейін ол киімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен.
Қазіргі таңда күдікті жігіттердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
© Didarbek.kz

Пікір жазу