Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ТҰРҒЫНДАР НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМАУЫ КЕРЕК

АУЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ТҰРҒЫНДАР НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМАУЫ КЕРЕК

Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты бөлім басшыларымен бірге аудан орталығындағы Пушкин-Бағысбаев көшелерінің қиылысындағы көп қабатты тұрғын үйлерге барып, ол жердегі үй аулаларының бүгінгі жағдайын бақылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол жердің тазалығын сынға алып, жауапты мекеме өкілдеріне шөбін ору, ескірген балалар ойын алаңшасы мен орындықтарды және түнгі жарық шамдарын ретке келтіру бойынша нақты тапсырма жүктеді.
Жергілікті тұрғындармен кездесіп, өтініштеріне құлақ асты.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Аула тазалығына жергілікті тұрғындардың да жаңашырлық танытып, өз есік алдарының шөбін орып, қоқысын арнайы орынға тастау керектігін атап өтті.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда аталған көп қабатты тұрғын үйлердің алдынан жауын-шашын сулары ағатын 670 метр ирригациялық жүйе орнатылуда.
© Didarbek.kz

Пікір жазу