Бұл жайында қалалық Ветеринария қызмет филиалы басшысының м.у.а Бақтияр Иманов мәлімдеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақтияр Берікбайұлының мәлімдеуінше, шаһарда жыл басынан бері 1200 үй жануары чиптелген.
Мекеме қызметкерлері 1310 жедел байланыс орталығына түскен өтініштер бойынша жедел әрекет етіп иесіз жүрген, агрессивті мінез танытқан 627 ит-мысықты жойды.
Одан бөлек, үй жануарларын қараусыз қалдырған 32 тұрғынға айыппұл салуға қалалық Полиция басқармасына жолданды.
Сондай-ақ, облыс орталығында энзоотикалық аурулардың алдын-алу жұмыстары жасалуда.
Бүгінде қалалық Ветеринария қызметі мамандары шаһардағы 139 440 шаршы метр қора-жайға, 22 170 шаршы метрге созылған сыртқы қоражайға дезинсекция жүргізген. Одан бөлек, 30 400 шаршы метр суат жер дезинсекциялаудан өткізілсе, 4489 ірі қара мал энзоотикалық ауруларға қарсы дәріленіп үлгерген.
Құрметті тұрғындар!
Ескерту: Механикалық тазалаудан өтпеген қоражайлар ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛМАЙДЫ. Сонымен қатар ІҚМ-ды бүрку, ұсақ малдарды тоғыту, қора жайларды залалсыздандыру (энзоотиялық аурулардың алдын алу) жұмыстары мемлекет тарапынан ТЕГІН жүргізіледі.
Қалалық Ветеринария қызметіне жүгіну үшін 1310 байланыс сымтетігіне хабарласа аласыздар!
© Didarbek.kz