Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТА 800 АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА 800 АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен Қазығұрт ауданының орталығында және барша ауыл округтерінде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека
Мұндай игі шараға 800-ге жуық мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, кәсіпкерлік нысандар мен білім беру нысандарының қызметкерлері, ауыл округі тұрғындары, белсенді жастар қатысты. Сондай-ақ, арнайы техникалар жұмылдырылды.
Сенбілік барысында облыстық және аудандық маңызы бар жол бойлары, арық-атыздары қоқыстан тазартылып, саябақтарда, кәсіпкерлік және басқа да қоғамдық нысандарда шөп ору, ағаш көшеттерін ақтау, қасбеттерін әрлеу, құрылысын ретке келтіру секілді жұмыстар жүргізілді.
Возможно, это изображение 6 человек
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов аудан орталығындағы сенбілік барысын жаяу аралап, өз сын-ескертпелерін айтты. Кемшіл тұстарды түзетуді және барша істі тиянақты атқаруды тапсырды.
Возможно, это изображение 4 человека, дерево и текст
Тазалық — денсаулық кепілі. Көктем мезгілі келіп, жауын-шашын мөлшері көбейетін тұста мұндай сенбіліктің маңыздылығы жоғары. Сондықтан, барша аудан тұрғындарын өз ауласын таза ұстап, үлгілі қоғам мен экологиялық мәдениет қалыптастыруға шақырамыз.
© Didarbek.kz

Пікір жазу