Aудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуге аудан прокурорының орынбасары А. Туршеков, аудандық полиция бөлімінің басшысы Е. Бейсебаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы И. Елеусізов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары және ауданның белсенді азаматтары қатысты.
Кездесу барысында тазалық, қоғамдық тәртіп, тұрғын үй кезегі, сонымен қатар,қоғамда дұрыс пікір қалыптастыру туралы әңгіме қозғалды.
Кездесу соңында халықпен тығыз байланыс орнату бағытында бірлесе жұмыстар жүргізу бойынша уағдаласты.
© Didarbek.kz