Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » АЗАМАТТАРДЫҢ АМАНДЫҒЫ ҮШІН: ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨМІРЛЕРІН ҚАТЕРГЕ ТІГІП, КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ

АЗАМАТТАРДЫҢ АМАНДЫҒЫ ҮШІН: ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨМІРЛЕРІН ҚАТЕРГЕ ТІГІП, КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы патрульдік полициясының қызметтік автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жайт 9 мамырда орын алған. Масаң хәлдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда авариялық жағдай туғызған.
Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жауып, нәтижесінде соқтығысу орын алды.
– Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы бағдар түсті. Рулдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Қауіпті жүргізушіні тоқтату жолын жаптық. Бұны жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қатысуымен қайғылы салдарды болдырмау үшін жасадық, азаматтардың амандығы үшін, — дейді офицерлер.
Көлікті масаң хәлде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ер адам жауапқа тартылды.
Автокөлікті ұрлау жайтын Түркістан облысының тәртіп сақшылары тергеуде.
© Didarbek.kz

Пікір жазу