Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРІКТІ ЖАСТАР СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРІКТІ ЖАСТАР СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ

Түркістан қаласының тұрғындары республикалық экоакция басталғалы бері белсенді атсалысып келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін қала жастары «Өнегелі ұрпақ» апталығында Ұлы Отан соғысының ардагері, түркістандық Немат Абдрасиловтың үйінде болды. Ақсақалдың бау-бақшасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Көгалды аумағында ағаш түптерін қопсытып, үй қоршауларын сырлады.
Ардагер өз кезегінде жастармен сұхбат құрып, соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Қариялық ақылын айтып, батасын берді. Сондай-ақ, экоакцияның жүйелі түрді өткізілуін қолдайтынын жеткізді.
Возможно, это изображение 1 человек
Бұған дейін, тазалық акциясы басталғалы облыс орталығында 30-дан аса сенбілік өткізіліп, 500 тонна қоқыс жиналған. Жасыл желек аумағы ұлғайып, шаһар көркі үшін 3 500 түп гүл, 4 700 түп ағаш көшеті егілген.
© Didarbek.kz

Пікір жазу