Бүгінгі күні Абай ауданы бойынша кенеге қарсы залалсыздандырудың көктемгі маусымы жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кенеге қарсы дәрілеу шаралары Алтынтөбе, Қайнарбұлақ елдімекендегі қолайсыз мал қоралары, буферлік зоналар мен санитариялық-қорғаныс аймақтарын қамтиды. Жалпы залалсыздандыру жұмыстары 457 000 шақырым жерде жүргізілді.
Құрметті аудан тұрғындары табиғатқа демалысқа шыққанда, егіндік, мал шаруашылығымен айналысқанда, сондай-ақ, балық аулау, далалық жағдайда еңбекпен шұғылданғанда сақтану шараларын ұстану керектігін еске саламыз.
Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан бастап дер кезінде медициналық көмекке жүгіну – аурудың асқынуы мен өлім жағдайларының алдын алатынын есте сақтаңыз!
© Didarbek.kz