Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов Балтакөл және Маяқұм ауыл округтеріне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, алдағы уақытта ауылдарды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Кездесу барысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, алдағы уақытта ауылдарды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
2023 жылы өңірде өндірілген өнім көлемі 114млрд 687 млн 757 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,1 %-ға артық орындалған. Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі де артқан. Мемлекет Басшысының «10 мың адамға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасы аясында 669 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданған болса, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аудан көлемінде 4 кооператив құрылып, Ақтөбе, Балтакөл, Қарғалы және Маяқұм ауылдық округтері бойынша 139 жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 769,9 млн.теңгеге қаржыландырылған. Сондай-ақ, аудан бойынша 35 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған болса, қалған Бестам, Сырдария, Ақкөл елді мекендерін ауыз су жүйесімен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.
Қос ауылда өткен кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан ауыз су, жер мәселесі, денсаулық сақтау мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Жиында Жансұлтан Әділжанұлы барша сұрақтарға нақты жауап беріп, ұсыныстар бойынша жол картасы әзірленетінін айтып, мекеме, ұйым басшыларына заң аясында шешуге тапсырмалар берді.
© Didarbek.kz