Ауа-райының жауынды болған қолайсыздығына қарамастан Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш сенбілікке тәртіп сақшылары полиция бөлімінің ішкі санитарлық жағдайын арттырумен қатар, мекемеге қарасты сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты.
Сондай-ақ арнайы киім киіп, қолдарына күрек-тырмаларын ұстаған полицейлер өздеріңе бекітілген Шақпақ-баба ауылында орналасқан Алматы-Ташкент тас жолы бойындағы көшенің қураған шөптерін шауып, қоқыс жәшігіне жиыстырса, екіншісі топырақты жерді сыпырып, айналаны тазартып бірлескен жұмыстарды бір кісідей атқарды.
© Didarbek.kz