Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Биыл Жеңістің 79-ші көктемі. Сол жеңісті жақындатып, бейбіт күн үшін күрескен ардагерлерді құрметтеу ұрпақ парызы. Осыған орай, арыстықтар сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлер мен азаттықтың ақ таңында өмірден өткен майдангерлерді еске алып, рухына тағзым етті. Ал Жеңіс күніне арналған салтанатты шара «Жеңіс скверінде» ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 13 человек и текст
Ең алдымен қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған тағзым ету шарасына қатысушылар мемориалға есімдері қашап жазылған жауынгерлер құрметіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін майдан даласында қаза болған жауынгерлер мен бейбіт күнде өмірден өткен ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жалпы, соғыс жылдарында Арыс қаласынан қан майданға 10 503 адам аттанып, соның 5 314-і ғана аман-есен оралған. Майданға аттанғандардың ішінен арыстық 6 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алған.Ал қан майданда жарақат алып мүгедек болып, тұрмыс қиындығын тартқан жандар қаншама?!
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Миллиондаған адам «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен бел шешпей тылда еңбек етті. Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Осынау ерлікке толы Ұлы Жеңіс күні тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
© Didarbek.kz

Пікір жазу