«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Төлеби ауданында тазалық шаралары жалғасын табуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, Кемеқалған ауылдық округі Ұйымшыл елді мекенінің тұрғындары, еріктілер, жастар бұлақ көзін ашу бағытында » Мейрам ана» бұлағының басында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында бұлақ көзі күл-қоқыстан, аймағын қураған ағаштан тазартты. Бұлақ маңындағы шөптерді орып, ағаштар әктелді.
© Didarbek.kz