Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазығұрт аудандық бірыңғай конкурстық комиссиясының 29.04.2024 жылғы қорытынды хаттамасы негізінде, Қазығұрт ауданы әкімі А.Исмаиловтың өкімімен Қанат Иматов Абдурахманұлы — Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Иматов Қанат Абдурахманұлы 1987 жылы 28 сәуірде туған. Ұлты — қазақ. Білімі жоғары.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық колледжінде “Техникалық ғылымдар және технологиялар” (Есептегіш машиналар, комплекстер, жүйелер мен тарамдар) мамандығы бойынша, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде “Құқық және экономика негіздері” мамандығы бойынша, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде “Құқықтану” мамандығы бойынша білім алып, тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Ұлттық тестілеу орталығы” РМҚК-ның №96 филиалының жетекші маманы, инженері, сарапшысы қызметтерін атқарған.
2018-2021 жылдар аралығында Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келген.
Возможно, это изображение 3 человека, отдел новостей и текст
Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы жаңадан сайланған аппарат басшысы Қанат Абдурахманұлын ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары және аудан әкімі аппараты ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
© Didarbek.kz

Пікір жазу