Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫНА БӨЛЕНДІ

ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫНА БӨЛЕНДІ

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Ұлы отан соғысының ардагеріне теңестірілген 93 жастағы отставкадағы милиция майоры Кашлакова Нина Витальевнаның үйіне барды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары ардагердің еңбектерін елеп, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Нина Кашлаковаға алғыс хат пен арнайы сый-сияпаттар табысталды.
Оған қоса, офицерлер оның ауласын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізіп, үй шаруасына көмектесті.
Өз кезегінде, қонақтардың көрсеткен құрметіне риза болған ардагер шын жүректен алғысын білдірді.
-Мен зейнетке шыққаныма 30 жылдан асты. Сол аралықта бірде-бір мерекеде полицейлер мені назарсыз қалдырмады, әрдайым құттықтап, гүл шоқтарымен келеді. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін. Қиын қызметтеріңізде өздеріңізге қамқор болғайсыздар, — деді Нина Витальевна.
© Didarbek.kz 

Пікір жазу