Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша, «Құжаттандыру-куәліктер, паспорттар, жүргізуші куәліктерін алу, әскери билеттер беру, ҰОС куәліктерін беру және т.б.» тақырыптарында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара тұрғындардың нысаналы топтарына түсіндіруге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді, оның барысында көрсетілетін қызметті алушылардың проблемалық мәселелері және оларды шешу мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, қабылдау барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді «eGovMobile» қосымшасының көмегімен «Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмері белгілерінің телнұсқасын беру», «Жүргізуші күәлігіннің мерзімін создыру», «Автокөлікті заңдастыру үшін тексеру», «Әскери міндеттілерге әскери билет немесе оның телнұсқасын беру», «Әскери міндеттілерге әскерге шақырушыларға есепке қою», «Жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру» және т.б. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультациялық кеңестер берілді.
© Didarbek.kz