Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев:
«ОҢТҮСТІК ҚҰС ЕТІН ӨНДІРУДЕ ЕЛІМІЗДЕ КӨШ БАСТАУЫ ТИІС»
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барып, өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Өңір басшысы алдымен «Ордабасы құс» ЖШС-нің кешенді күрке тауық фабрикасын аралап көрді. Аталған фабрика жылына 8110 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге қауқарлы. Инвестициялық құны 3 млрд. 249 млн.теңгені құрайтын жобаның бірінші кезеңі индустриаландыру картасы аясында 2010 жылы іске қосылып, жылына 4828 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге қол жеткізді. Сол жылы 280 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Инвестициялық құны 2 млрд. 330 млн.теңгені құрайтын жобаның екінші кезеңі 2014 жылы жүзеге асты. 140 жұмысшымен толыққан фабика өнімі екі есеге ұлғайды. Ал, былтыр басталған жобаның үшінші кезеңі келер жылы іске қосылады деп күтілуде. Егер жоба толық жүзеге асса, мұнда жылына 20000 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге мүмкіндік тумақ. Қазір мұнда «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған жобаның инвестициялық құны 10 млрд. 150 млн.теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үндік фабрикасына 53 млн. теңгеге газ құбыры тартылды. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорында бүгінде 415 адам тұрақты жұмыс істейді.
Елімізге «Дәмді ет» маркасымен танылған күркетауық өндірісінің жұмысын облыс әкімі оң бағалады. – «Ордабасы құс» компаниясын орталық ретінде қалыптастырып, күркетауық етін өндіру тәжірибесін өзге аймақтарға да тарату керек. Осылайша облысымыз бұл кәсіптің түрінен елімізде алдыңғы қатарға шығуы тиіс, – деді өңір басшысы. Келесі кезекте облыс басшысы Бөржар ауылдық округінің Ұялыжар елді мекеніндегі «Ордабасы жем» ЖШС-нің мал азығын дайындау цехының да жұмысымен танысты. 2015 жылы іске қосылған өндіріс орнының жобалық құны 209 млн. 512 мың теңгені құрайды. «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 116 млн 846 мың. тенгеге ауылшаруашылық техникалары сатылып алынған. 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған серіктестікте жылына 3 мың тонна жем дайындалады. Биыл аталған қожалық 170 гектардан бидай, 119 гектардан жүгері, 225 гектардан мақсары жинапты. Облыс әкімі аялдаған келесі нысан – «Алесандровский сад» ЖШС 17 гектар жерге бау-бақша егумен айналысады. 2015 жылы егілген алма бағы былтырдың өзінде өз өнімдерін нарыққа шығарып үлгерген. Алманың бес сорты өсірілетін алқап көлемін биыл 30 гектарға ұлғайту жоспарланған. Израильдік тамшылап суару технологиясымен өнім өндіретін шаруашылықта 30 адам жұмыспен қамтылған. Өңір басшысы мұнан соң «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған «Агро-V» ЖШС-нің автоматтандырылған жүйедегі жаңа технологиялы қыш зауытына барды. 2014 жылы жұмысын бастаған кәсіпорын инфрақұрылымына 526,9 млн теңге бағытталып, асфальт жолы, 5 шақырымдық электр бағаналары орнатылыпты. Сондай-ақ мұнда тереңдігі 100 метрлік 2 ұңғыма, 1 су мұнарасы бар. Сапар барысында облыс әкімі «Аделя» шаруа қожалығының 16 гектарға орналасқан жылыжай кешеніне атбасын бұрды.
Мұнда 100 адам тұрақты жұмыс істейді. Орташа жалақылары – 80 мың теңге. Екі кезеңмен іске асырылған жобаға қожалық басшылығы 5 млрд. 248 млн. теңге жұмсапты. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған жылыжайда жыл он екі ай қияр өсіріледі. Кешен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында газбен қамтылған. Әкім іссапарын аудан активімен өткен мәжілісте қортындылады. Өзекті мәлелелер талқыланған жиында аудан басшысы мен оның орынбасарлары есеп берді. Соңғы бес жылда ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 есеге, ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 1,5 есеге артқан. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға, оның ішінде білім, денсаулық салаларына үлкен қолдау көрсетілуде. «Бүгінгі жиналыстың алдында бірқатар нысандарды аралап, атқарылып отырған жұмыстармен таныстық. Көптеген проблемалардың бар екендігіне көз жеткіздік» – деген облыс әкімі оны шешу жолында аудан басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Қаржы ұйымдарымен жұмыс жүргізіп, инвесторлар тарту, индустриялды аймақтардағы жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін шағын цехтар ашу, ауданда игерілмей жатқан жерлерді заңға сәйкес мемлекеттік меншікке қайтару міндеттелді. Аудандағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтудың кешенді жоспарларын қабылдап, туризмді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезек күттірмейтін мәселе екенін атап айтқан облыс әкімі жиын соңында 2017 жылға Ордабасы ауданына республика, облыс тарапынан 16 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінгенін жеткізді. – Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында бөлінген қаржыны тиімді пайдалану Ордабасы ауданының әрі қарай дамуына өз әсерін тигізеді деп сенемін, – деді Жансейіт Қансейітұлы. Аталған қаржының 1,7 млрд.теңгесі ауданды газбен қамтамасыз ету үшін автоматты газ реттеуші станциясының құрылысын аяқтауға, 105 млн. теңгесі құдық суын пайдаланып жатқан Спатаев елдімекенін сумен қамтамасыз етуге, 2,3 млрд. теңгесі 5 мектептің құрылысына жұмсалады. 287 млн. теңгеге 1 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік акушерлік бөлімше ғимараттары салынады. 283 млн. теңге Темірлан ауылындағы 2 пәтерлі 14 тұрғын үйдін құрылысын аяқтауға бағытталған. Халықаралық Батыс Еуропа – Батыс Қытай жол бойында туристік сервисті құру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге 7 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, 6 ауылды газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 20 млн. теңге қарастырылып отыр.
© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі