Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Жер салығы

Жер салығы

Бәйдібек ауданында өндіріс кәсіпорындары жоқтың қасы, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру – жергілікті кәсіпкерліктің негізі болып табылады. Сондықтан, шаруа қожалықтарынан түскен салық аудан бюджетінің басым бөлігін құрайды.

Осыған орай, Бәйдібек ауданының прокуратурасы 2017 жылы қаңтар айынан бастап кәсіпкерлік қызметіне тексеру жүргізбей, жергілікті атқару және салық органдарының қызметін үйлестіру жолымен шаруашылықтармен жер салығын төлеу жағдайына зерттеу жүргізді.

Зерттеудің басты мақсаты – ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары салық органдарына дер кезінде салық төлеуші ретінде тіркелуін, олар салық заңнамаларында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Прокурорлық зерттеу қортындысымен Бәйдібек ауданы бойынша жер телімдерін пайдаланып, кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан 1904 шаруа қожалығына сырттай зерттеу (салыстыру) жүргізіліп, салық төлеуге міндетті шаруа қожалықтары тарапынан ҚР Салық Кодексінің талаптары өрескел бұзу жәйіттері анықталды.

Атап айтқанда, ішінара зерттелген 1904 шаруа қожалығының 167-сі аудандық салық органына кәсіпкер ретінде мүлдем тіркелмеген.

Бүгінде аудан прокурорының ұсынысымен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен 167 шаруа қожалықтарын салық төлеуші ретінде есепке алу, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету шараларын қолданылуда, прокурорлық ықпал ету актісі негізінде 49 салық органына тіркелмеген шаруашылық басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, аудан прокуратурасы 507 шаруа қожалығының салық төлеуші ретінде тіркелгенімен, осы күнге дейін салық есептерін тапсырмай, тиісті салық міндеттемелерін мүлдем орындамағанын анықтады.

Аудан прокурорының ұсынысымен бүгінде салық органдары салық төлеуден жалтарған жалпы 674 шаруа қожалығы басшыларына заңда қарастырылған мәжбүрлеу шараларын қолданып, осы шаруа қожалықтарымен мемлекет бюджетіне тиесілі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығымен түсіруге нақты шаралар алып, үш айда 15 298 800 млн. теңге салық мемлекет бюджетіне өндірілді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, 2013-2016 жылдары аудан көлемінде 32 мың га. жер телімі шаруа қожалықтарымен мүлдем пайдаланылмай жатыр.

Бұл бағытта, аудан прокуратурасы ҚР Салық Кодексінің 386 бабының пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге он есе жер салығын өндіру талаптарының тиісті деңгейде орындалмайтынын анықтап, аудандық атқарушы органдарға орын алып отырған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарды қоса еңгізді.

Ә.Мұстафаев,

Бәйдібек ауданының прокуроры,

аға әділет кеңесшісі 

Пікір жазу