Түркістан облысында алғаш рет халықаралық деңгейде аймақ экономикасының перспективасы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен әрекеттестігі одан әрі кеңейту және өңірдің инвестициялық әлеуетін көтеру мәселелері талқыланған форум өтті. Форумға отандық кәсіпкерлер және шетелдік инвесторлар қатысты.
Шараның мақсаты — халықаралық ұйымдар мен инвестициялық жобаларды іске асыратын шетелдік инвесторларды Түркістан облысына тарту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.
Жиында сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы елімізде шетелдік және отандық бизнесті қорғау және қолдау мақсатында Агенттікпен “Protecting Business and Investments” жобасы іске асырылып жатқанын мәлімдеді.
Жоба аясында Агенттік келісімге қол қойған инвесторларды 100% сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде, яғни кез келген уақытта қолдап, қорғайтынын атап өтті.
Инвесторлар мен кәсіпкерлерді бизнес жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге қосылуға, еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруды ұсынды.
Форум соңында департамент басшысы Ғ. Сұлтанұлы облысқа тартылған инвесторларды қорғау және қолдауға бағытталған жобаларды ынтымақтасып жүзеге асыруға “Әлеуметтік кәсіпкерлік қоғам “Түркістан” Акционерлі қоғамының басқарма төрағасы Айтмұхамед Тұрарбекұлы Департамент арасында меморандумға қол қойды.
Жалпы “Protecting Business and Investments” жобасы елімізде жұмыс істеген сәттен бастап, оған елімізде жалпы құны 13 млрд. 600 млн. АҚШ долларын құрайды 140 отандық және шетелдік бизнес жобалар қосылғанын естеріңізге сала кетеміз.