Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев Елорда күнімен құттықтайды

Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев Елорда күнімен құттықтайды

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

Сіздерді еліміздің жүрегі,әң әдемі шаһар – елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын.Ежелден ата-бабамыздың құтты қонысы бола білген Сарыарқа төрінде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған қала елдің үкілі үмітін үкілеп, күннен — күнге өзгеріп,құлпырып келеді. Жаңа ғимараттар,жасыл алқаптар және мәдени орындармен толыға түсуде.Бұл қала – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең батыл бастамалардың жүзеге асуының жарқын көрінісі.

Осы айтулы мереке қарсаңында біз Арыс тұрғындарына көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Күллі Қазақ елі бірлік пен татулықтың үлгісін көрсете білді. Біз Оңтүстіктік өңірі, тұтас еліміздің қолдауы мен қамқорлығын сезініп жатырмыз.

Құрметті жерлестер!

Отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-дәулет, елімізге бейбітшілік тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанымызды дамыту жолындағы бастамаларыңызға сәттілік серік болсын. Ел астанасы күннен — күнге құлпырып, гүлдене берсін.Қазақстанды дамыту, елордамызды көркейту, Түркістанды түлету мақсаттары жолында еңбек етіп,елге үлес қоса берейік.

 

Пікір жазу