Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫС: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ СЕКТОРДА 50 ҮЙ ЖӨНДЕЛДІ

АРЫС: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ СЕКТОРДА 50 ҮЙ ЖӨНДЕЛДІ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келді. Ол Жамбыл облысы жауапты болып бекітілген 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру барысын көзбен көріп,11 көшенің белсенді тұрғындармен кездесті. Асқар Исабекұлы штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеужұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін айтты. Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы арыстық тұрғындар әулеиаталық құрылысшылардың жұмысына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгінде Жамбыл облысына тиесілі 3-сектордағы 50 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарының толық аяқталды.

Қазіргі таңда 3-сектор аумағындағы қалпына келтіру шараларына жамбылдық 4 құрылыс компаниясының 450-ден аса құрылысшысы мен 21 теxникасы жұмылдырылған. Олар 242 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бар.Қираған 3 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, біреуі толық жаңғыртылатын болады. Қалған 309 үйге әртүрлі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде.

Қазіргі таңда Арыстың 300-ден астам оқушысы Жамбыл облысындағы демалыс орындарында тынығып жатыр.Көрші облыстан гуманитарлық көмек те жеткізілген.

 

Пікір жазу