Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » БАТА БЕРДІМ ЖАНСЕЙІТТЕЙ БАЛАМА!

БАТА БЕРДІМ ЖАНСЕЙІТТЕЙ БАЛАМА!

– дейді жасы 90-ға толған абыз ақсақал Нұрдаз Мариев:

Шымшаһардың шуағына шомып бір,
Бақ басыңа болашақта қонып тұр!
Батырханды перзентімді көргендей,
Мен өзіңді көрген сайын болып тұр!
 
Жансейіт-ау, айналайын баламсың!
Өзің өзге, ерекше бір ғаламсың!
Әр сөзің мен әр ісіңнен, ұлым-ау,
Көңіл толқып, бір тояды санам шын!
 
Тоқсан толған Нұрдаз деген атаңды
Ұмытпасаң, берейін бір батамды!
Сені көріп, мәз боламын, деп балам
Әкім, ғалым, елші, тұлға атанды!
 
Қадам бастың ұлы істерге – ендеше,
Жолың болсын, еш жігерің сөнбесе!
Ақ жол тілеп, мен өтейін атаң боп,
Сендей ұлым бұл қоғамды емдесе!
 
Ұлтың, елің, халқың саған сенеді –
Неткен дархан, пейілі де кең еді!
Бәйдібек пен Домалақтың арасы
Қосылмай тұр – осы нәрсе кем еді.
 
Бабалардың рухы сені қолдасын!
Қыдыр баба болсын, балам, жолдасың!
Жолың ашық, жұртың ғашық болып тұр –
Еш жамандық кездеспесін, болмасын!
 
(Нұрдаз-ақсақалдың аузынан жазып алған Ә.Ә.)
 

Пікір жазу