Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Р.АЮПОВ МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Р.АЮПОВ МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

9-шілде күні қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бір қатар мәселелер қаралып, тапсырмалар берілді.

Бұл туралы  Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды
Атап айтсақ; — экономика бөліміне қаладағы құрылыс жұмыстарына қаржының қажеттілігін шешу және жұмысын жеделдету масқатында облигациямен және мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізде жұмыс жасау жүйесін қарастыру;
— Жер қатынастар бөлімі мемлекет мұқтаждығы үшін жер қайтару жұмыстары бойынша күнделікті мәліметті ұсынып отыру;
— Қаладағы құрылыс нысандарына камера орнатып, оны әкімдіктен қадағалауды үйлестіру;
— «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасындағы» студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қаладағы оқу орындарының (университет, колледж) жатақхана қажеттілігін анықтау, сұраныс жасау;
— Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінен шұғыл диспетчерлік қызмет ашу (шұғыл желі арқылы қаладағы ауыз су, электр жарығы, тазалық жұмыстары бойынша тұрғындардың өтініш, шағымын қабылдау үшін)
— Көшедегі жарнамалық баннерлерді жаңалау, жазылу стилін реттеу;
— Базар айналасындағы жабайы сауданы реттеу;
— «Қауіпсіз қала» бағдарламасын қайта қарап, жүзеге асыру тапсырылды.
Осы берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қадағалауды қала әкімі аппаратына жүктеді

Пікір жазу