Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА РЕЙДТТЕР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДА СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА РЕЙДТТЕР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік шаралары», «Орман мен дала өрттерінің алдын алу және дайындық жұмыстары» тақырыптарында брифинг өтті. Брифингте Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сұлтанғали Смайлов баяндама жасады. Онда облыста шомылу маусымының алдында және оның өту кезеңінде су объектілерінде адамдардың өлімі ең өзекті мәселелердің бірі екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Биылғы жылдың басынан бері жазатайым оқиғалар бойынша 49 адам қайтыс болған. Оның 28-і кәмелетке толмаған балалар болса, 21-і ересек адамдар. Атап айтқанда, 13 бала ата-ананың қарауынсыз, 8 бала рұқсат етілмеген жерде, 2 кәмелетке толмаған жас бала Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында шомылуға арналған демалыс орталықтарының бассейндерінде және 2 адам балық аулау кезінде қайтыс болды. Сондай-ақ құдықтар мен септиктерге түсіп кетіп қайтыс болғандар да бар», – деді Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі С. Смайлов.

Сонымен қатар, шомылу маусымында орын алған қайғылы оқиғалардың негізгі себептері туралы және алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды. Орын алған оқиғалардың негізгі себептері: –шомылуға рұқсат етілмеген орындарда шомылу; – жүзе білмеу және өз күшін дұрыс бағаламау; – балаларды суаттар жанында үлкендердің қарауынсыз қалдыру; – жеке құтқару құралдарын пайдаланбай балық аулау; – алкоголді ішімдіктерді пайдаланып суға шомылу.

Қазіргі таңда қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, Төтенше жағдайлардепартаментінің қала мен аудандардағы басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлерімен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақжыл сайын «Судағы қауіпсіздік» сынды сақтық шаралары ұйымдастырылып, БАҚ-та насихатталып келеді. Бірақ, соңғы 5 жылда яғни, 2015-2019 жылдары аралығында облысымыздасудан қаза болған адамдардың саны азаймай тұр. Осыған байланысты облыс тұрғындарын судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

«17 мамырда облыс аумағындағы орман шаруашылығына тиісті мекемелердің қатысуымен созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сондай-ақ қала, аудан әкімдіктері тиісті ауыл округтерінде жалпы 11626 адамдардан тұратын 979 ерікті өрт сөндіру құрылымдарын, сонымен қатар, Сайрам, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында өрт сөндіру бекеттері құрылды. Облыстағы 12 орман шаруашылығы жазғы өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстарын толық жүргізілген. Өртке қарсы тақырыбында 580 аншлагобтар орнатылған. Жыл басынан бері орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу бойынша 10 жеке тұлғаға хаттама толтырылып, 164125 мың теңге айыппұл салынып, өндірілген», – деді С.Иманғалиұлы.

Пікір жазу