Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек», – деген еді.
Кез-келген ауылға қарап, ол аймақтан шыққан азаматтың қандай екенін аңғаруға болады. Абыройы, қызметі, қалтасын қомпайтқан қаржысы бола тұра кіндік кескен жерінен жырақ кеткендерден не пайда? Бірақ Түлкібас ауданы, Иірсу ауылының тұрғындарына қызыға қарайсыз. Өйткені, жеке кәсіпкер Дауылбаев Әбілхан секілді арқа сүйер азаматтары бар.
Дауылбаев Әбілхан ағамыз Иірсу ауылынан ертеректе аудан орталығана көшіп кетсе де, ауылын еш қашан ұмытқан емес.
Биылғы жылы туған ауылына демеуші болып, 9 млн. теңгеге соңғы үлгідегі 64 дана түнгі жарық шамдары мен 64 дана жаңа темір бетонды электр бағаналарын орнатқызып, СИП сымын тартып берген.
Әбілхан ағамыздың баршаға үлгі болатындай игі ісіне Иірсу ауылының тұрғындарының алғысы шексіз!
© DIDARBEK.kz