Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ШТАБЫ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ШТАБЫ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Апаттан кейінгі Арыс қаласын қайта қалпына келтіру шаралары бүгінде қарқынды түрде жүргізілуде. Айталық қаладағы 11-секторға жауапты ретінде Отырар ауданы мен БҚО бекітілген. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл секторда жалпы саны 830 тұрғын үйлер болса соның 698-не жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде 9 көпқабатты үй болса 5 баспана бұзылып қайта салынатын нысандар қатарында. Қазір тиісті жұмыстарды межелі мерзімде аяқтау үшін құрылыс барысы қарқын алған. Бұл тұрғыда Отырар ауданының штаб бастығы-аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш секторда атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді баяндады.

Отырарлықтарға бекітілген қала бөлігіндегі тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен қамту, елді мекендерді қоқыс қалдықтардан тазарту, залал келген құрылыс нысандарын қайта қалпына келтіру бойынша нақты істер атқарылуда. Яғни штабтағы 60 азамат түгелдей дерлік тиісті жұмыстардың басы-қасында. Қазір штаб кеңсесінде тұрғындарға өтемақы ретінде төленетін 100 мың тенгеге өтініштер қабылданып жатса, бұл жұмыстар бүгінде аяқталуға жақын. Сонымен бірге сектордағы тұрмысы төмен отбасыларға отырарлық штабтың мамандары азық-түлік тауарларын үйлеріне дейін жеткізіп беруде. Ал бұған Арыс қаласы тұрғындарының айтар алғыстары шексіз.

Пікір жазу