Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » Жорамал: 2070 жылға қарай Ислам әлемдегі ең кең тараған дінге айналады

Жорамал: 2070 жылға қарай Ислам әлемдегі ең кең тараған дінге айналады

Мұсылман Үмбетінің басқа діни қауымдар мен конфессиялардан тез ұлғайып жатқаны жайлы жиі естіп жатамыз. Алайда, мұның сандық көрсеткішін біле бермейміз.

Беделді америкалық талдау орталығы Pew Research жақында мұсылмандардың санына байланысты өзінің статистикасы мен болжамдарын келтірді. Орталықтың санағы бойынша, 2010 жылы әлемде  1.6 миллиардқа жуық мұсылман болған. Бұл Жер бетіндегі халықтың 23 пайызын құрайды. Қазіргі кезде Ислам дінді ұстанушылардың саны жағынан (христиандықтан кейінгі) екінші дін болса да, ең тез өсіп келе жатқан дін болып табылады. Бүгінгі күнгі демографиялық ахуал сақталатын болса, 2050 жылға қарай мұсылмандардың саны христиандардың санымен теңеседі деп күтілуде. Ал, осы ғасырдың аяғына қарай мұсылман Үмбеті сан жағынан христиандардан асып түспек.

Оның үстіне, орталықтың санағына сүйенсек, мұсылмандардың 20 пайызы ғана Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде тұрады екен. Бүкіл әлемдегі Үмбеттің ең көп бөлігі (62%) Азия-Тынық мұхит аймағында ғұмыр кешуде. Оның ішінде Индонезия, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Иран және Түркия елдері бар.

Индонезия бүгінгі күнде ең көп мұсылмандар тұратын ел болып табылады. Бірақ, Pew Research Center-дің болжауынша, 2050 жылға қарай Үндістан 300 миллионнан астам мұсылман тұрғындарымен оны басып озатын көрінеді. Сонымен қатар, Еуропада да мұсылмандар саны артуда — 2050 жылға қарай бүкіл еуропалықтардың 10 пайызға жуығы мұсылман болады деп жорамалдануда.

АҚШ-қа келер болсақ, орталықтың мәлімдеуінше, 2015 жылы онда 3.3 миллионға жуық мұсылман өмір сүрген, бұл елдің халық санының 1 пайызын ғана құраған. Олардың көпшілігі (63%) — иммигранттар. 2050 жылға қарай АҚШ-тағы мұсылмандардың саны Америка халқының 2.1 пайызын құрайды деп болжанып отыр. Осылайша, мұсылмандар өздерін еврей дейтін адамдардың санынан асып түспек.

Аталмыш орталық мұсылман Үмбетінің мұндай қарқынды өсуін демографиямен түсіндіреді. Басқа діни топтарға қарағанда, мұсылмандар орташа алғанда көбірек бала туады. Орташа алғанда, әрбір мұсылман әйел 3.1 бала дүниеге әкелсе, қалған топтардың бәрін қосқанда бар болғаны 2.3 бала дүниеге келеді екен. Сондай-ақ, мұсылмандар – барлық діни топтардың ішіндегі ең жастары. 2010 жылы мұсылмандардың орта жасы 23 шамасында болған, яғни, мұсылман емес адамдардың орта жасынан жеті жас кіші. Соның нәтижесінде, қазіргі мұсылмандардың көпшілігі бала сүйетін жасқа енді келіп жатыр. Осы себепті және бала туудың көрсеткіші басқалардан жоғары болғандықтан, мұсылмандардың демографиясы күрт өсуде. Ал, қоныс аударушылар санының көптігі Еуропа мен Солтүстік Америкада мұсылмандар санының артуына себепкер.

Соңында айтарымыз, мұсылмандар санының күрт өсуі жайлы жағымды жорамал мұсылмандарды бойкүйездікке итермелемеуі тиіс. Өйткені, Әбу Дауд риуаят еткен хадисте Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұсылмандар жайлы былай дейді:

«Сендер теңіз көбігіндей көп боласыңдар, бірақ, әлсіз боласыңдар».

Azan.kz

Пікір жазу