Бүгін Сарыағаш ауданында Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхидденұлы Әлішевпен Әдеп кодексі талаптарын орындау бойынша зерделеулердің қорытындыларын талқылау мақсатында семинар-кездесу өткізілді.
Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Семинардың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі талаптарын орындау туралы және Мемлекеттік қызмет саласында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөнінде екі мәселе қаралды.
Семинарға аудан әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері, ауданның дербес бөлімдерінің басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Сондай-ақ, облыстың әдеп жөніндегі уәкілі аудан әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізді.
Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация берді.