Өмірде өз орнын тауып, бір-бір кірпіш болып қалану үшін кез келген адам білім ошағынан түлейтіні анық. Ғалым да, шахтер да, әкім де, хакім де шыққан мектеп бар білімнің бастауы болып, үлкен өмірге жол сілтеуші, толық адам болып қалыптасудың шамшырағы. Алғаш қолға қалам ұстатып, жазу-сызуды үйрететін білім ордасының адам өмірінде алатын орны ерекше.
Осы орайда, Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам балаға арналаған 184 мектеп салынады.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау — сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде.
Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға берледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі.
Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і 2017-2018 жылдардан өтпелі.