Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түркістанда халықаралық бағыттағы жаңа автобекет пайдалануға беріледі

Түркістанда халықаралық бағыттағы жаңа автобекет пайдалануға беріледі

Түркістанда халықаралық бағыттағы жаңа автобекет пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Шығыстық үлгіде бой көтерген нысан тәулігіне 10 мың жолаушы қабылдап, 600 автобус өткізуге қауқарлы. Жалпы аумағы 2 жарым гектар болатын сапаржай халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда бір мезетте 15 автобус тоқтап, жолаушы қабылдай алады. «Бағасы 2 млрд теңгеге жуықтайтын заманауи нысанның ішінде жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Кең, әрі жарық күту залы, жайлы орындықтар мен тегін WI-FI желісі қонақтардың уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді», — дейді мамандар. Сондай-ақ мұнда мейрамханалар мен асханалар және түрлі кәдесыйлар сататын дүкенер жұмыс істейді. Ана мен бала бөлмелері де қарастырылған. Болашақта жаңа автобекеттен Тараз, Шымкент, Ташкент, Самарқанд, Қызылорда, Алматы, Қорғас және Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша автобустар қатынайды. Сонымен қатар облыстың барлық аудан-қалаларына да қоғамдық көліктер осы жерден жүреді. Бекет құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілгенде мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Пікір жазу