Түркістан қаласы Хантағылық Жансая Күмісбекқызы әлемді мойындатты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі .
Бүгінде байрақты бәсекелерге қатысып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген қыз — жігіттеріміз аз емес. Бекзат ағаларының жолын қуған түркістандық жас өрендер діңғ соңғы кездері жүлделі орындармен қала халқын қуантып жүргендері бұл бірінші емес.
Шынықсаң, шымыр боларсың демекші, Чехия елінде каратэ-до Шотакан спорт түрінен әлем чемпионатына қатысып, Қазақстан спортшылары қатарынан суырылып жеңіске жетіп, Алтын алқаны қанжығасына байлаған Хантағылық Досбай Жансая Күмісбекқызы, Жансаяның ұстазы каратэ-до Шотакан федерациясының президенті Аюпов Фарит Ғалымұлы және Жансаяның анасы Шәркүл Шекербекқызы Хантағы ауылы әкімі аппаратында ауыл қоғамдық кеңес мүшелері мен ауыл әкімінің қабылдауында болды. Кездесу барысында ауыл әкімі Б.Жорабековтың алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табыс етілді.
Жас спортшыларға биік белестерді бағындыра берулеріне тілек білдіреміз.