Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының кезекті отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының кезекті отырысы өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Отырысқа 9 бюро мүшелері, дербес бөлім қызметкерлері және ауылдық округ әкімдері мен аудандық бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.
Бюро отырысының күн тәртібінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Келтемашат, Рысқұлов, Жабағылы ауылдық округтерінде І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар барысы тындалды. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту орталығында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша атқарып жатқан жұмыстар барысы туралы, орталық директоры А.Ибраймовтың баяндамасы тындалды.
Жиын барысында аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Н.Тұрашбеков, жол құрылысы саласы мен әлеуметтік саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы болуын және әр аудан тұрғындарының өтініштерін мерзімінен кешіктірмей заң айясында орындауды тапсырды. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының орынбасарына аудандық қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесімен бірігіп, әр ауылдық округті аралап, аудан тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуді тапсырды.

Пікір жазу