Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі

Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі

Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сай «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Ана тілінің қадір-қасиетін терең түсіне білуге шақыру, қатысушыларды қоғамдағы өзекті мәселе – латын әліпбиін қабылдау жобасымен таныстыру, өз қөзқарас-пікірлерін қорғай білуге баулу.

Латын әліпбиіне көшу –болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақты анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арылып, тіл тазалығын сақтаймыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелде қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланды, орталық мамандары қатысушылардың сауалдарына да жан-жақты жауап берді. Өз сөзінде жиынды өткізуші мұғалімдер латын әліпбиіне көшудің тиімділігін айтып өтті.

Пікір жазу