Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттегі жоғары оқу орнында медиация кабинеті ашылды

Шымкенттегі жоғары оқу орнында медиация кабинеті ашылды

Шымкент қаласындағы «Шымкент университетінің»  ішінде медиация кабинеті ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кабинет білім ордасындағы ұстаздар мен студенттер арасындағы түсінбеушілікті шешуге, студенттердің құқықтық санасын көтеруге бағытталған шара болатын.

Ашылу рәсіміне Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді, «Дана» құқық және медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Кенжеқұлова, Шымкент университетінің ректоры Н.Сейткулов, ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.

Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді өзінің кіріспе сөзінде татуластыру рәсімдерінің маңыздылығына тоқталып, келісімде, дау-дамайсыз өмір сүру қағидалары білім ошақтарынан бастап жастар бойына сіңіріліп, кеңінен насихатталуы керектігін айтты. Сонымен қатар, еңбек дауларының алдын алу және еңбек дауы туындаған жағдайда дауды соттан тыс немесе сотта татуластыру рәсімдерін қолдана отырып шешудің тиімділігіне назар аударып, «Медиация туралы» Заңды жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу қажеттігіне тоқталды.

Жаңа кабинеттің лентасы қиылғаннан кейін медиатор Д.Кенжеқұлова сөз алып, университет медиациясын дамытудың маңыздылығына тоқталып, бұл жоба мұғалімдердің жұмысын жеңілдетенін, даудың университет қабырғасында шешімін табуға мүмкіндік беретінін және студенттер өздері келісімге келу арқылы дауды шешуге, бір-бірін тыңдауға дағдыланатынын айтып, университет ұжымына сәттілік тіледі.

Шара барысында қоғамдық қатынастардан туындайдын дауларды медиаторлардың көмегімен шешу жолдарын ары қарай жетілдіру мәселелері талқыланып, тың ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Пікір жазу