Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте халықтың спортпен қамтылу көрсеткіші — 27,8 пайыз

Шымкентте халықтың спортпен қамтылу көрсеткіші — 27,8 пайыз

Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев 6 айда атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді. Басқарма басшысы спортшылардың жетістіктері, спортты дамытудағы жұмыстар және Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы мәліметтер берді, деп хабарлайды didarbek.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 6 айында қала аумағында жалпы 222 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 41 мыңнан астам адам қатысты. Қала аумағында спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны — 281 235 адам. Барлық жастағы халықтың спортпен қамтылу көрсеткіші — 27,8 пайыз.

— Бүгінде қала көлемінде 67 спорт түрі (37 Олимпиадалық, 24 Олимпиадалық емес) дамытылуда. 2019 жылдың 6 айында қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 272 алтын, 256 күміс, 278 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 32 алтын, 14 күміс және 17 қола медальға қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 12 алтын, 6 күміс және 8 қола медальге ие болды. Ал ҚР бесінші Жазғы Спартакиадасы бойынша Алматы қаласынан кейін екінші орында келе жатырмыз, — деді басқарма басшысы.

Қалада 848 спорт нысаны тіркелген. Оның ішінде: 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 спортттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж, 1 есу базасы, 434 жазықтықты құрылғылар, 23 теннис корты, 249 спорт зал, т.б.

Қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы бірқатар спорт нысандар жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік меншіктегі 30 спорт мекемесі мен кәсіпорындары және 1 акционерлік қоғам жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ, басқарма басшысы Токио Олимпиадасына бір жыл қалғанын, оған сәйкес жұмыстар атқарылып жатқанынан хабардар етті.

 

Пікір жазу