Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент – Қазақстандағы ежелгі шаҺарлардың бірі

Шымкент – Қазақстандағы ежелгі шаҺарлардың бірі

«Шымкент – Қазақстандағы ежелгі шаҺарлардың бірі. Қаланың іргесі XI-XII ғасырларда Қытайға баратын сауда жолы үстінде қаланды» деген мәлімет бар. Дей тұрғанмен, соңғы 10 жыл көлемінде Шымкенттің тарихы тым тереңде жатқаны жөнінде және қаланың негізі бұдан да ертерек қаланғаны туралы белгілі археологтар мен тарихшы ғалымдар дәлелдер келтіруде.

…Шымкент — адам жаны ләззат алатын нағыз құтты мекен. Мұнда демалысқа немесе қонаққа келген адам қаланың сұлулығына көз тоймасы анық. Қаланың қақ ортасынан бастау алатын Қошқарата өзенінің жағалауында көріктендіру жұмыстары қолға алынып, жаңадан бой көтерген демалыс аймағы тұрғындар мен қонақтардың көп жиналып серуендейтін жайлы орындарының біріне айналды. Бұдан бөлек, Шымқаладағы тарихи-мәдени орындар мен жоғары дәрежедегі қонақ үйлер, заман талабына сай дәмханалар мен мейрамханалар, демалыс орындары туристер мен демалушыларға қызмет көрсетуге әзір. Бұған әрі көне, әрі жас Шымкент шаҺары тұрғындарының ақжарқын жүздері мен ақкөңіл пейілдерін және қонақжайлығын қосыңыз. Сонда сіздің іздеген жерұйық осы Шымқала боп шығатыны анық! Оның бәрін көру үшін Шымкентке келу керек.

Осы ретте Елбасымыздың «бұл қаланы шырайлы Шымкент деп атау абзал» деген сөзі ойға оралады. Қазақы қаймағы бұзылмаған қалың жұрт мекендеген Шымқалаға халықтың сүйіспеншілігінің осылай үйлесе өрілуі бар қазақтың арманын бір атауға сыйғызып тұрғандай…

Пікір жазу