Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Автокөліктердегі өрттерді азайту және алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің, жол-патрульдік полиция қызметкерлері, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы жастарымен бірлесіп, Ташкент тас жолы бойында рейд жүргізілді, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі. Рейд мақсаты жүргізушілерді мүмкіндігінше көбірек қамтып, оларға автокөліктегі өрттің қауіптілігін жеткізу. Өрттердің негізігі себептері – автокөлік құралдарындағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуы және автокөліктің техникалық жағдайы.

Рейд барысында жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен жеңіл автокөліктер мен қоғамдық көліктер тоқтатылып, «Jas Otan» Жастар қанаты жастарымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жүргізушілермен жүргізілген профилактикалық әңгімелесуде ТЖ бөлімінің қызметкерлері автокөлікте өрт болған кездегі іс-әрекет тәртібін назарларына жеткізді, сондай-ақ көлік құралдарындағы өрттердің негізгі себептерін түсіндіріп, автокөлік иелеріне автокөліктердегі өрт қауіпсіздік қағидалары туралы жадынама таратылды.

Әр көлік иесінің жоғары жауапкершілігі мен өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауы ғана автокөліктердегі өрттердің шығу мүмкіндіктерін азайтады.

Пікір жазу