Жаңа оқу жылына дайындық алдында Шымкент қаласы ТЖД Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, сондай-ақ басқа әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жалдамалы үйде тұратын Бүркітбаевтар отбасына барды.
Отбасыға Бөлім қызметкерлері 2 баласына мектеп формасын алуға көмектесті, балаларға рюкзак, күнделік, қаламсап және басқа керек-заттар табыстады. Сондай-ақ осы отбасындағы қалған қатысушыларға төтенше жағдай және өрт кезінде өзін-өзі ұстау қағидалары және шұғыл қызметтің телефон нөмірлері көрсетілген арнайы блокноттар сыйға тартты.
«Әлеуметтік көмек көрсетудің мақсаты — оқып жатқан аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы балаларға жетім-балаларға және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде материалдық және басқа көмек көрсету және балалардың арнайы себептермен мектепке бармауын алдын алу», – деп ТЖ бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Бақторазов атап өтті.
Шымкент қаласы ТЖ бөлімі қызметкерлері азаматтарды әлеуметтік әлсіз деңгейдегі балаларды мектепке дайындауға және көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытуға, әр баланың мектепке деген жолы ең жақсы және бақытты, қауіпсіз болуға мән беріп және нағыз қамқорлық жасауға шақырады.