Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Өрт сөндіру техникалары талапқа сай болуы тиіс

Өрт сөндіру техникалары талапқа сай болуы тиіс

Бүгін Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов Беларусь Республикасының «Пожснаб» жауапкершілігі шектеулі қоғамының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге келген беларустық мамандар заманауи өрт сөндіру техникаларын, арнайы жабдықтарын ұсынды және олардың мақсаты мен техникалық сипаттамасын түсіндірді.

Қала басшысы өрт сөндіру техникасының талапқа сай болу керектігін атап өтті.
«Бүгінде еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы халқының саны артып, шаһарда жаңа зәулім ғимараттар салынуда. Ал, мұндай биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін сақтау және тілсіз жаумен күресу оңай шаруа емес. Өрт мезгіл немесе уақыт таңдамайды, кез-келген уақытта лап беруі мүмкін. Сондықтан, өрт сөндірушілер заман талабына сай жаңа техникамен қамтылуы қажет», — деді Е.Айтаханов.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру бөлімшелерінде бүгінгі күні 75 бірлік техника болса, оның 13 бірлігі 20 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді және бұл көрсеткіш қала гарнизонына тиесілі техниканың 17 пайызын құрайды.

Пікір жазу